Илон Маск биткоинға қатысты қауесетке жауап қатты

Илон Маск биткоинға қатысты қауесетке жауап қатты
28 қараша, 20:00

"Биткоинды Илон Маск шығарды" деген қауесетке орай миллиардердің өзі жауап қатты. Туиттер парақшасында ол мұны жоққа шығарды. «Бұл өтірік. Бірнеше жыл бұрын досым маған биткоиннің біраз бөлігін жіберген. Қазір оның қайда қалғанын білмеймін», -деп жазады Маск.

Ал "SpaceX" компаниясында тәжірибеден өткен Сахил Гупта биткоинды шығарған "құпия жан" Илон Маск деген еді. Тіпті ол "Сатоши Накамото - компания қожайыны Масктың лақап аты" деп мәлімдеген.

Еске салайық, криптовалюта 2008 жылы әлемдік қаржы дағдарысы тұсында пайда болды. Қазір биткоинның бағамы өте жоғары. Бірер күн бұрын 10 мың доллардан асып жығылды. Қазақстанда криптовалюта әзірге еш жерде жүрмейді. "Валютаны бақылау және реттеу" туралы заң жобасын әзірлеуді Ұлттық банк енді қарастырып жатыр.