«Астана» халықаралық қаржы орталығы ресми түрде 2018 жылдың шілдесінде ашылады

«Астана» халықаралық қаржы орталығы ресми түрде 2018 жылдың шілдесінде ашылады
04 желтоқсан, 20:00

Электронды ақшаны сатып аларда сақ болу керек. «Астана» халықаралық қаржы орталығының жетекшісі Қайрат Келімбетов осындай кеңес берді. Өйткені биткоиндарға деген қызығушылық артқан сайын, алаяқтар да пайда болуы ғажап емес дейді. Сондықтан криптовалюта туралы заң әзірленіп жатқанын айтты. 

Қайрат Келімбетов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының жетекшісі:

Біз Гонконг, Қытай және Жапонияның ірі реттеушілерімен келіссөздер жүргіздік. Бұл сұрақта абай болу керек. Бірақ Еуропаның кейбір елдері фьючерстар мен биткоиндармен сауда жасауға рұқсат берді. Кейбір елдер оптимистік, ал кейбірі пессимистік көзқараста.

Ал «Астана» халықаралық қаржы орталығы ресми түрде 2018 жылдың шілдесінде ашылады. Бұл туралы Үкіметте өткен отырыста орталық басшысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді. Қаржылық хаб жетекшісі негізгі бағыттарды да тізіп өтті. 

Олар Капитал нарығы, Активтерді басқару, Исламдық қаржы, Қаржы технологиялары, Жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару және Жасыл қаржы.

Инвесторлардың жұмысын жеңілдету үшін эксплат орталықтар құрылады. Сонымен қатар тәуелсіз халықаралық сот пен халықаралық арбитраж орталығы жұмыс істейді. Тоғыз судья президент алдында жақын күндері ант қабылдайды, - деп атап өтті Келімбетов.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Қайрат Нематұлы, бұл сізге ғана артылған міндет емес, барлығымыздың мойнымыздағы жүк. 5 институционалды реформа аясындағы ірі жоба. Сондықтан қателікке жол жоқ. Егер шешімін қажет етіп тұрған мәселелер болса, желтоқсанда шешу керек. Сөйтіп, бірінші қаңтардан бастап барлық әлемге «Ұлы Далада ірі қаржы орталығы ашылды» деп жар салатындай.