Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру үшін жұмыс топтары құрылды

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру үшін жұмыс топтары құрылды
07 желтоқсан, 20:00

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру үшін жұмыс топтары құрылды. Оның жұмыс жоспары мен құрамы Үкімет басшысының қатысуымен өткен ұлттық комиссияның кезекті отырысында талқыланып, бекітілді. Ол орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық және сараптамалық-техникалық жұмыс топтарынан тұрады. 4 жұмыс тобы латын графикасын білім жүйесіне біртіндеп енгізудің ережелері мен әдістерін әзірлейді, тілдің терминдік қорын жүйелейді, сондай-ақ латын графикасын IТ-технологияларға және ақпараттық кеңістікке бейімдеумен айналысады.

Латын әліпбиіне өту шарасы 3 кезеңнен тұрмақ. Бірінші кезең 2018-2020 жылдарды, екінші кезең 2021-2023 жылдарды, үшіншісі - 2024-2025 жылдарды қамтиды.