Хакерлер $70 млн биткоинды ұрлаған

Хакерлер $70 млн биткоинды ұрлаған
08 желтоқсан, 20:00

Хакерлер NiceHash криптовалюталық қызмет компаниясының жүйесін бұзып, одан шамамен 70 млн доллардан астам биткоинды қолды еткен. The Wall Street Journal таратқан ақпаратқа сүйенсек, осының салдарынан қызмет көрсету орталығы жұмысын 24 сағатқа тоқтатуға мәжбүр болыпты. Мақалада шамамен 4,7 мың биткоин ұрланғаны жазылған. Ұрылардың хас шебер болғандарына күмән жоқ, дегенмен NiceHash компаниясы тергеуді бастап, қауіпсіздік шарасын күшейтпек.

Ал биткоин құны бүгін тағы да артып, 18 мың АҚШ долларын құрады. Осы жылдың басында бір криптовалютаның бағасы небары бір мың доллар шамасында болған еді.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ