«Kazakh Invest» 7 елде өкілдігін ашты

«Kazakh Invest» 7 елде өкілдігін ашты
08 желтоқсан, 20:00

Инвестор тартумен айналыстын Қазақстанның өкілдігі жеті елде ашылды. Ол АҚШ, Ресей, Қытай, Түркия, Германия, Франция сияқты ірі мемлекеттер. Бұл туралы "Kazakh Invest" ұлттық компаниясының басшылығы мәлімдеді. Барлығы 10 елде өкілдік ашу көзделеді.

Оған қоса, шет елге шықпай-ақ, интернет жүйесі арқылы инвестор іздейтін жаңа бағдарлама іске қосылған. Келесі жылдан бастап ол 8 тілде жұмыс істей бастайды. Әлеуетті инвестор Қазақстандағы жобалар туралы толық мәліметпен сол жерден таныса алады. Ал "Kazakh Invest" тараптардың кездесуіне септеседі.

Біржан Қанешов, "Kazakh Invest" ҰҚ басқарма төрағасының орынбасары:

10 млн доллар, 5 млн, 1 млн доллар қанша қаражат қажет екенін ана жақтан инвестор келіп қарайды. Қалтасында 5 млн доллары болса, сол проекті қабылдайды, тікелей Қазақстанға келмейді. Соның ішінде телефондары тұр. Біздің ұсынып жатқан азаматтардың солармен бастарын қосамыз.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ