Еуропаны соңғы жылдары жаумаған қар басып, көлік коллапсын туындатты

Еуропаны соңғы жылдары жаумаған қар басып, көлік коллапсын туындатты
11 желтоқсан, 20:00

Еуропаны да қалың қар басып, мұның соңы көлік коллапсына ұласты. Әсіресе Ұлыбритания қар құрсауында қалды. "Интерфакстың" хабарлауынша, демалыс күндері ондаған рейс тоқтатылған. Елдегі ең ірі Хитроу әуежайы жұмысын жалғастырып жатыр, бірақ онда да ұшақтар мерзімінен кешіктірілуде. Кей аудандарда электр жарығы өшіп қалған.

Қалың қардан Германияның Франкфурт қаласында да бірнеше рейстер тоқтатылды. Ал Дюссельдорф әуежайы бірнеше сағатқа жабылды. Енді бір аймақтарда поездардың жүрісі бөгеліп, басқа бағыттармен жіберілді. Қатты желден Францияның Кале портында 300 жолаушысы бар паром қайраңдап қалды. Адамдар зардап шекпесе де, инфрақұрылымда кедергілер көбейіп жатыр.

АҚШ-тың оңтүстік бөлігінде де боран мен қардан ұшақтар ұшпай қалды. Әсіресе Атланта штатында ұшақтарға мұз қатып, әуежайдың жұмысына кедергі келтірді.