АМӨЗ жұмысы 5-6 күнде қалпына келеді - Энергетика вице-министрі

АМӨЗ жұмысы 5-6 күнде қалпына келеді - Энергетика вице-министрі
12 желтоқсан, 20:00

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өрт сұйық отын тапшылығына себеп болмайды, ал кәсіпорын 5-6 күнде қалпына келеді. Энергетика вице-министрі осылай деп мәлімдеді.  

К
еше зауытта гудрон айдайтын құбыр отқа оранған болатын. Тілсіз жау жарты сағатта сөндірілген. Бірақ өрттің салдарынан зауыттың өнім шығару қуаттылығы тәулігіне 7 мың тоннаға кеміді. Министрлік өкілі өрт кәсіпорынның күрделі жөндеуден өтіп жатқан жаңа бөлігінен шықпаған дейді. Яғни бұрыннан жұмыс істеп тұрған жерінде орын алған. Зауыттағы жұмыс ырғағының бұзылуы жанармай тапшылығына соқтырмайды деді, вице-министр.

Махамбет Досмұхамбетов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

5-6 күнде бензин де, дизтопливо да шығын азаяды. Қазір нефтебазаларда бензин мен дизтопливо толық бар. Бензин 10 күндей, дизтопливо 13 күндей қоры бар. Сондықтан негізі жағдайға көп әсер тигізбейді.