Индустриалды-инновациялық жобалардың жүзеге асырылуын «Нұр Отан» партиясы бақылайды

Индустриалды-инновациялық жобалардың жүзеге асырылуын «Нұр Отан» партиясы бақылайды
20 желтоқсан, 20:00

Қарағанды облысында биыл 8 жаңа кәсіпорын іске қосылып, 3 жүзден астам жұмыс орны ашылған. Мұндай жетістікке «2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарламаны» жүзеге асыру барысында қол жеткізілді.

Бағдарламаның орындалу барысы «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалының отырысында талқыланды. Аймақта 103 жоба индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының картасына енген. Бүгінде оның 84-і жүзеге асырылған. Негізінен металлургия, химия, фармацевтика және құрылыс салаларын қамтиды. Биылғы ең ірі жоба - ескі көліктерді қайта өңдейтін зауыт. Ал 2018 жылы әк шығаратын өндіріс іске қосылмақшы. Сондай-ақ алдағы екі жылда  тағы 18 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. 

Қайрат Шорманбаев, Қарағанды облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

Жаңадан ашылған кәсіпорындар аймақ тұрғындарына еңбек етіп, табыс табуға мүмкіндік береді. Индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асқалы 6 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Осы бағдарлама аясында 2018-2020 жылдары тағы да 5 мың адамға жұмыс беру жоспарланып отыр.