Астанада ЖЭО мен жылу қазандықтары газға көшірілмек

Астанада ЖЭО мен жылу қазандықтары газға көшірілмек
21 желтоқсан, 20:00

Ал Астана билігі келер жылдан бастап жылу энергия орталықтары мен жылу қазандықтарын толықтай газға көшіруді жоспарлап отыр. Бұл ауадағы зиянды қалдықтар мөлшерін азайту мақсатында қолға алынады. Әкімдікте өткен жиын барысында Астана қалалық энергетика басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаев осылай деп мәлімдеді.

Бақтыбек Жапаев, Астана қаласы энергетика басқармасының басшысы:

ЖЭС-1,ЖЭС-2 және ЖЭС-3 пен қатар 200-ге жуық жылу қазандықтардын да газбен алмасытрамыз. Онда, әрине, көмір пайдаланылмайды. Мұнан өзге мектеп, бала бақшаларға жылу беріп отырған коммуналды қазандықты да газға алмастыру жоспары бар.

Шенеуніктер жеке сектордағы 1 үйді газға қосу шамамен 1 мың АҚШ долларын құрайды деген есебімен бөлісті. Жоба жүзеге асып жатса, сәйкесінше,  жылу бағасы қымбаттайды деген жорамал да жоқ емес. Жылу энергия стансаларында газдың текше метрге шаққандағы бағасы бірдей болуы ойластырылып жатыр.

Бақтыбек Жапаев, Астана қаласы энергетика басқармасының басшысы:

Газдың бір текше метрі 110 теңге. Глобал газ есептеп орнатқан баға осы. Болашақта тариф құнын субсидиялау жоспарланып отыр. Мәселені ұлттық экономика министрлігі қадағалауда. Қаңтар айының соңында қандай да бір жауабы белгілі болады. Егер қолдау тапса, бір текше метрінің құны 35 теңгеге түседі.