Құқықтық кеңес биылғы жылғы жұмыстарын пысықтады

Құқықтық кеңес биылғы жылғы жұмыстарын пысықтады
21 желтоқсан, 20:00

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитеті биылғы жұмыстарын "Нұр Отан" партиясында өткен дөңгелек үстел барысында пысықтады. Жиынға Құқықтық кеңес мүшелері, депутаттар мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Мақсат - Елбасының "100 нақты қадам - Ұлт жоспарының" "Заң үстемдігін қамтамасыз ету" бағытын жетілдіру. Яғни құқықтық жүйені дамытуға бағытталған. Осыған сәйкес елдегі құқықтық саланы дамыту бағытында 19 мақсатты қадам бар.

Атап айтсақ, судья лауазымына үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын қатаңдату, жергілікті полиция қызметін құру, жазасын өтеп шыққан азаматтарды әлеуметтік жағынан оңалту. Кездесу нәтижесінде Құққықтық кеңес тарапынан орталық мемлекеттік органдарға және басқа да мүдделі ұйымдарға тиісті ұсыныстар жіберілді.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот құқықтық кеңесінің төрағасы: 

Елбасының Ұлт жоспары атты 5 институционалдық реформаның біз екінші бағытының тұрғысында біз бірсыпыра қолымыздан келгенше тіршілік жасауға тырыстық. Атап өтсек, әрине, қоғам өте жақсы қабылдаған - бұл конституциялық реформа. Елбасының өзінің бастамышылық етіп жариялаған конституциялық реформаға біз де соның талқылауына өз үлесімізді қостық деп айта аламыз.