Иерусалимге қатысты Ақ үйдің бастамасын 9 ел ғана қолдады

Иерусалимге қатысты Ақ үйдің бастамасын 9 ел ғана қолдады
22 желтоқсан, 20:00

"Біз мұны ұмытпаймыз". БҰҰ-на мүше елдердің шешіміне қатысты АҚШ-тың ұйымдағы тұрақты өкілі осылай деп сес көрсетті. Иерусалимді Израиль астанасы деп тану туралы Ақ үйдің бастамасын 128 мемелекет қолдаған жоқ. 35 ел қалыс қалды. Қолдау білдіргендер саны небәрі 9. Атап айтсақ, олар: АҚШ, Израиль, Гватемала, Гондурас, Маршал аралдары,  Микронезия Федеративті штаттары, Науру, Палау және Того. Күні кеше Дональд Трамп  АҚШ-тың шешіміне қарсы шыққан елдерге қаржылай қолдау көрсетпейміз деген еді. Мұны АҚШ тың БҰҰ-ғы тұрақты өкілі де растады.

Никки Хейли, АҚШ-тың БҰҰ тұрақты өкілі:

Құрама Шштаттар бұл күнді ешқашан ұмытпайды. БҰҰ кезекті рет қаржылай үлес қосу туралы өтініш білдіргенде немесе өзге мемлекеттер өз мүддесі тұрғысынан қолдау сұрағанда бүгінгі жағдай есте болады.

Бас Ассамблеяның шұғыл жиынына қатысқан Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы Трамптың мәлімдемесін сынға алды. Оны "қорқыту" деп атады.

Еске салайық, 6 желтоқсанда АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимды Израильдің астанасы деп мойындау туралы бастама көтерді. Және АҚШ елшілігін сонда көшіру керек деп мәлімдеген. Ақ үйдің бұл әрекеті жаппай қарсылық пен сынға ұшырады.