Келер жылдан бастап жолаушылар билеті болмайды - Астана ЛРТ

Келер жылдан бастап жолаушылар билеті болмайды - Астана ЛРТ
22 желтоқсан, 20:00

Келер жылдан бастап Астана автопарктерінде дәстүрлі жолаушылар билеті болмайды. Бұл туралы «Астана ЛРТ» серіктестігі төлем жүйелері департаментінің директоры мәлімдеді. Оның сөзінше, сандық жүйеге өту мақсатында барлық автобустарға валидаторлық аппарат орнатылып, төлем сол арқылы жасалады. Бұл соңғы кезде артқан, билеттерді қолдан жасаудың алдын алу үшін жасалып отыр. Транспорттық билеттерді арнайы орындардан сатып алуға болады. Ал, арнайы билеттік картаны қажет етпейтіндер бір жолғы берілетін билетпен жүре алады. Оны автобус жүргізушісінен алу мүмкіндігі болады. Ал, барлық дерлік кондуктарлар жұмыста қалады, олар кеңесші ретінде жолаушыларға көмек көрсетеді.

Дәурен Нұралиев, «Астана ЛРТ» ЖШС төлем жүйелері департаментінің директоры:

Картамен қолданған кезде еш қиындық жоқ. Әр автобуста валидаторға айлық тариф бар ма, жоқ па - тексеріп отырады. Егер бар болса, жасыл шам жанады, айдың соңына дейін жүре аласыз деген сигнал береді.