2018 жылы сенбіге сәйкес келетін демалыс күндері ауыстырылды

2018 жылы сенбіге сәйкес келетін демалыс күндері ауыстырылды
25 желтоқсан, 20:00

2018 жылғы сенбіге сәйкес келетін демалыс күндері ауыстырылды. Бұл туралы Үкіметтің тиісті қаулысы шықты. "Рrimeminister.kz." сайтының хабарлауынша, бұл өзгеріс қолданыстағы Еңбек кодексіне сәйкес енгізілді. Сондай-ақ жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ауыстырылып отыр.

Сонымен, 2018 жылғы демалыс күндері 3 наурыздан 9 наурыз жұмаға, 28 сәуірден 30 сәуір дүйсенбіге, 5 мамырдан 8 мамыр сейсенбіге, 25 тамыздан 31 тамыз жұмаға, 29 желтоқсаннан 31 желтоқсан дүйсенбіге көшірілді.

Қолданыстағы Еңбек кодексінің 85 бабы 3 тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.