Биыл бензин, көмір тапшылығы болды. «Дәнекерлеушінің кінәсі»...

Биыл бензин, көмір тапшылығы болды. «Дәнекерлеушінің кінәсі»...
30 желтоқсан, 20:00

Күзде жанар-жағар май тапшылығы болды. Біз сол кезде ардагер-мұнайшы, мықты маман саналатын Меңдеш Салиховтен интервью алғанбыз, былай деген:

Меңдеш Салихов, ардагер-мұнайшы: /14.10.2017ж./

Әу бастан белгілі еді, біздің зауыттар мұнай терең өңдемейді. Бензиннің шығымы, керосиннің шығымы аз. Реконструкциясын дұрыс жасау керек еді, әлі күнге дейін дұрыс жасалмайды. Бәленбай ақша бөлініп жүргеніні естіп жүрмін, бірақ оның бәрін коммерциялық құпия дейді де, тығады. Шынымен де ұят нәрсе. Беларуссияның мұнайы жоқ, ал зауыттары Еуро 5 шығарады. Олар реконструкция жасаған. Бізге ұят емес пе?

Бензин ғана емес, көмір тапшылығы да болды.

Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: /14.10.2017ж./

Одновременно с ростом цен на моторное топливо в отопительный сезон подорожали уголь и газ. Стыдно наблюдать, что уголь, которого в стране добывается более 100 млн тонн, люди несут в холодные дома в мешках и сумках, оплачивая за мешок до 1 тысячи тенге, что составляет от 25 до 30 тысяч тенге за тонну. У граждан возникает резонный вопрос – если правительство допускает такую ситуацию, то зачем нам такое правительство? 

Әріптесім Еркін Карин бензин тапшылығы туралы материал жасады. Шахандағы «от жағушы» сияқты, Павлодардағы «дәнекерлеушінің кінәсі» туралы сюжет. «Инфляция, инфляцияны күткеннен де болады» деген бас банкирдің тұжырымына сәл кейін тоқталамыз.

Жыл ішінде жүз құбылған жанармай халықтың қалтасы мен жүйкесін жұқартты. Бағаның бұғаусыз кеткені сондай, Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы ауданында АИ-92 маркалы бензин 200 теңгеге бір-ақ жетті. Кейін 20 теңгеге арзандаса да, соңғы үш айдан бері монополияға қарсы агенттік, басқа да құзырлы мекемелердің ауылдағы жалғыз жанармай бекетіне әлі жетпей қойды.

Бензин үш айдан бері 180 теңгеден сатылып жатыр. Қымбатшылық ауыл тұрғындарына ауыр тиді. Өйткені олар ішім-жемін, киім-кешек секілді өзге де керек-жарағының бәрін 500 шақырым жердегі облыс орталығынан тасиды. Бензин қымбаттағасын, бұл тауарлардың да бағасы көтерілген.

Сарсенби Сапаров, Бөкей Ордасы ауданының тұрғыны, такси жүргізушісі: /14.10.2017./

УАЗ-дың бір дөңгелегінің өзі 20 мыңға дейін барды. Ал жолақыны көбейтейін десең, халықты ойлайсың. Барып-келгенше 200 литр бензин керек. Оны есептегенде 36-40 мың теңге кетеді. Өне бойы адам толып барса екен. Қазір адам аз.

Ал жауапты сала өкілдері қымбатшылықты тұрақтылықпен шатыстырып алған тәрізді. Баға 10-15 теңгеге қымбаттаса да, өңірде жанармай қоры жеткілікті екеніне көңілі тоқ. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ, дейді.

Бейімбет Мусин, БҚО Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы:

АИ-92 5500 тонна, дизель 6000 тонна. Бұл шамамен 7-8, 10 күнге жетеді. 7-8 күннен кейін бітіп қалады деген сөз емес. Жаңартылып құйылып отырады мұнай базаларына. Газ бағасы тұрақты, қазіргі уақытта газ бағасы 68-70 теңгенің арасында.

Жалпы, бензин бағасы еліміздің барлық аймағында біркелкі, 155-162 теңге аралығында. Ал газдың құны 47-70 теңге аралығында құбылады. Ең арзан автогаз - Ақтөбе мен Ақтауда екен. Мұнай мен газға бай Батыс Қазақстан облысының өз газы өзіне жетпей қойды. Қазір ең қымбат көгілдір отын Оралда, литрі - 68-70 теңге.

Меңдеш Салихов, ардагер-мұнайшы: /14.10.2017ж./

Мен Америкада 3 жыл тұрдым. Мұнайдың бағасы түссе, бензиннің де бағасы түседі. Бізде өсе береді. Бензиннің төмен түскенін көрдіңіз бе? Бұл жерде көптеген «бәлелер» жатыр. Оны прокуратура, ҰҚК, әкімшілік білімді адамдармен бірге зерттеп, қарау керек.

Мысалы, Оралға бензиннің 70-80 пайызы әлі күнге Ресейден әкелінеді. Валюта текетіресінде теңгенің «тілеуін» тілемесек, тағы болмайды. Өйткені рубль қымбаттаған сайын бензин де шарықтай түседі. Жанармай бағасын мемлекет реттемейтінін алға тосқан сала мамандары нарықты сырттай бақылаумен ғана шектеледі. Жағдайды түзеуге талпынбағасын, бақылаймыз деп мақұлдағаннан не пайда? Сонда... не істеу керек?

Меңдеш Салихов, ардагер-мұнайшы: /14.10.2017ж./

Шетелдіктермен де сөйлессе, мынадай жағдай болып жатыр деп, халық үшін бір шетін зауытқа бер десе, береді ғой. Олармен келісім-шартқа тұру керек. Оларға да жұмыс жасап жүрген елінің тыныштығы керек. Мысалы, ТШО-ға бер десе, үкімет, олар береді. Әр жағында терең білім жоқ, не болмаса дұрыс талап қоя алмайды.
Бозымбаев айтты ғой, зауыттарды реконструкция жасап болғаннан кейін өзіміздің бензин өзімізге жетеді дейді. Бірақ аналар мұнайын бермесе, тағы солай болады. Ана өңдеу зауыттардың күшін пайдаланып, 70-80 пайызға жүктемесін арттыру керек, миллиондаған тонна өндіріп тұрып, біз неге Ресейге тәуелді боламыз? Бұл нарық дұрыс емес. Әне жерде бір кілтипандар бар. Қандай кілтипан? – Ұрлық бар, басқа не бар?

Күздегі жанармай дағдарысын зауыттардың уақытша тоқтатылуына ысыра салып, оңай құтылатын шенеуніктер бұл жолы мықтап тұтылды. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев сөгіс алды, оның орынбасары Әсет Мағауов қызметінен кетті. «ҚазМұнайГаздың» басшысына да сөгіс жарияланып, оның да орынбасары қызметінен шеттетілді. Бірақ бір қызығы, орнынан алынған екі орынбасардың карьерасына титтей де нұқсан келмеді...  Ең соңында дизель отынының тапшылығына Павлодардағы мұнай өңдеу зауытының қарапайым дәнекерлеуші «кінәлі» болып шықты. Ол құны 425 мың еуро тұратын қымбат детальді бүлдіріп алыпты-мыс. Осының кесірінен елімізде дизель тапшылығы басталған. Қисыны қиын болса да, ресми жауап осылай қиысты.

Еркін Карин, тілші:

Ақыры Павлодар мұнай-химия зауыты бүлінген детальға қайта тапсырыс берді. Одан кейін зауыттың басшылары ауысты. Зауыты тоқтаған Павлодар бюджеті 1,3 миллиард теңгеден қағылды. Ал энергетика министрі алдағы жылдың басында мұнай өңдейтін 3 зауыттың екеуі іске қосылады, жағдай түзелеріне деп отыр. Дегенмен келер жылдың да небір «қызыққа» толы болары анық.

Еркін Карин, Наурыз Халит «Біздің уақыт».