Ұлттық қор мен БЖЗҚ бірігуі мүмкін

Ұлттық қор мен БЖЗҚ бірігуі мүмкін
26 желтоқсан, 20:00

Азаматтардың зейнетақы салымдарын басқаруда озық елдердің тәжірибесіне сүйенген жөн. БАҚ өкілдеріне берген жыл қорытындысына арналған сұхбаты кезінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді. Норвегияның тәжірибесін мысалға келтіре отырып, Қазақстанда Ұлттық қор мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бірігуі мүмкін екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Поэтому что дальше делать с пенсионными деньгами, например, в Норвегии есть хороший опыт - они пенсионные деньги объединили с национальным фондом, как у нас есть. Стал единый фонд, который более надежный, для людей, для всех. Может, мы тоже пойдем по этому опыту, по пути. Но контроль за этими деньгами государству нельзя упускать. Это я понял. Все равно в любом случае государство отвечает перед пенсионерами за пенсии.

Желтоқсанның басында Ұлттық қорда 57,3 млрд доллар болған. Ал зейнетақы қорында 7,6 трлн теңге жинақталған. Екі қордың қаржысын қосса - 26,7 триллион теңге шығады. Бұл шамамен Қазақстанның үш жылдық бюджетіне тең.  Ал Бас банк пен үкімет жуырда Ұлттық қорға қатысты жаңа тұжырымдама қабылдады. Онда бюджеттен бөлінетін жыл сайынғы трансферт көлемі 2 триллион теңгеге қысқарады және қалдық ақша жалпы ішкі өнімнің 30 пайызынан кем болмауы тиіс делінген. Зейнетақы қорындағы қаржыны айналымға салу ісін жеке компанияларға беру жоспарланған. Активтерді шетелдіктер басқаруы да мүмкін. Ұлттық қор қаражатының жуырда ғана шет елде бұғатталғаны тағы бар. Сарапшы Расул Рысмамбетов екі қорды біріктіру заң жүзіндегі тәуекелдерді азайтар еді деген пікірде 

Расул Рысмамбетов, экономист:

Ұлттық қор қаражатын бұғаттау бірінші рет болып тұрған жоқ. Бұған дейін Лондон соты да бұғаттауды ойлады. Бірақ одан құтылып кеттік. Сол кезде белді заңгерлер Ұлттық қор активтерінің заң жүзіндегі мәртебесі күрделі және түсініксіз деген тоқтамға келген. Қазір Норвегиядағыдай қор құрып, оған зейнетақы қоры секілді мәртебе беріп, заң бойынша тәуекелдерді азайтуға тырысулары әбден мүмкін.