АҚШ-тың араласуынсыз Ауғанстандағы ахуал бұдан да қиын болар еді - В.Путин

АҚШ-тың араласуынсыз Ауғанстандағы ахуал бұдан да қиын болар еді - В.Путин
26 желтоқсан, 20:00

"Құрама Штаттар араласпағанда Ауғанстандағы жағдай қазіргіден де қиын болар еді". Ресей президенті Владимир Путин Федералдық жиын басшыларымен кездесуде осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Интерфакс. Ол Ауғанстандағы ахуал америкалықтар мен НАТО-ның қатысуынсыз-ақ нашарлап тұрған деп санайды.

Ресейдің әскери кампанияларынан соң ДАИШ содырлары Ауғанстан асқан болатын. Ол жақта қаншама жылдан бері тәлібтер жайғасқаны белгілі. Путиннің пікірінше, екі жақтың бір бірімен қақтығысуы жағдайды шиеленістіріп тұр.

Еске салайық, 2001 жылы қыркүйекте болған лаңкестіктен соң АҚШ одақтастарымен бірге тәлібтерге қарсы операция бастаған. 2014 жылдың соңында Барак Обаманың өкімі бойынша шетел әскерлерінің көпшілігі елден шығарылды. Биылғы тамызда АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа стратегияға қол қойып, ол жерге қосымша күш жіберді.

Владимир Путин, РФ президенті:

Шын мәнінде, жағдай ушығып барады. Ал, егер ол жерде Құрама Штаттар болмағанда, ахуал бұдан да қиын болған болар еді.