«Аракс» танкерінде қалдықтарды жою тоқтатылды

«Аракс» танкерінде қалдықтарды жою тоқтатылды
26 желтоқсан, 20:00

Ақтаудағы «Аракс» танкерінде мұнай қалдықтарын жою көктемге дейін тоқтатылды. Бұл туралы «Астана» теларнасына табиғи ресурстар басқармасының өкілдері айтты. Кемені тазалау биыл қазанда басталған. Соңғы үш аптада мың тонна қалдықтың 400 тоннадайы сорылған. Осыдан соң «Батыс Мұрай Транс» компаниясының кемесі техникалық ақауға байланысты істен шықты. Сондықтан мұнай қалдықтарын қолмен жинауға тура келген. Компания 15 желтоқсанға дейін танкерді тазалап шығуы тиіс болатын. Алайда ауа райының қолайсыздығынан бұл мүмкін болмай тұр. Жұмыстың екінші кезеңі 2018 жылға қалдырылды