Елімізде балаларға қауіпті ойыншықтар анықталды

Елімізде балаларға қауіпті ойыншықтар анықталды
27 желтоқсан, 20:00

Елімізде балаларға қауіпті ойыншықтардың бірқатары анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда сапасыз ойыншықтар саны 0,4%-ға ғана азайған. Сондай-ақ олардың 35 пайызына жуығының техникалық регламент талаптарына сай келмейтіні анықталды. Физика-химиялық және токсикологиялық көрсеткіштер бойынша таңбалау ережелері бұзылған. Ойыншықтардың басым бөлігі Қытай, Ресей, Беларусь пен Өзбекстанда, Қырғызстан мен Украинада жасалған. Өзге өнімдердің қайда шығарылғаны белгісіз. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, сапасыз ойыншықтардың нарыққа шығуына бірден бір себебі - ұсақ саудагердердің тауарды еш бақылаусыз қол жүгімен әкелуі. Биыл 1,5 тоннадан астам балалар ойыншығы айналымнан алынған.