Аймақтарда 400-ге жуық кәсіпорын энергия пайдалану бойынша есеп бермейді

Аймақтарда 400-ге жуық кәсіпорын энергия пайдалану бойынша есеп бермейді
27 желтоқсан, 20:00

Қазақстандағы кәсіпкерлер электр қуатын үнемдеуді үйренуі қажет. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясында өткен кәсіпкерлікті қолдау бойынша республикалық қоғамдық кеңесте айтылды. Бизнестің қарқынды дамып келе жатқаны қуантады. Алайда, "әттеген-ай" дейтін тұстар да бар. Еліміздегі кәсіпорындар Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда электр қуатын 4 есе артық жұмсайды екен. Электр энергиясын дамыту және энергия үнемдеу институты өкілдерінің айтуынша, аймақтарда 400-ге жуық кәсіпорын қуатты пайдалану бойынша есеп бермейді. Сонымен бірге, "100 нақты қадам" ұлт жоспарында айтылғандай, алдағы уақытта электр қуатын унемдеу бойынша инвесторлар тарту мақсаты тұр.

Олжас Әлібеков, «Электр энергиясын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Энергия үнемдеу энергия тиімдеу саласында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Бастылары ірі өнеркәсіптерде бағдарламаларды орындап, оларды атап өтетін болсақ, ЕРЖИ группасы бар, соның Ақсудағы ферохром зауытында СК деген контактіні қолдана отырып, жоба орындалды. Ол жобаның басты мақсаты - светодиодты жарықтандыруға ауыстыру.