Президент Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті

Президент Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті
28 желтоқсан, 20:00

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті. Шенділер Елбасыға Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын арттыру бойынша атқарылған жұмыс қорытындысын баяндады. Сонымен қатар, Президент киберәскердің басқару пунктін көрді. Ақпараттық жүйелердің киберқорғанысын қамтамасыз ету мүмкіндіктерімен танысты. Нұрсұлтан Назарбаев армиямыз құрылған 25 жыл ішінде аумақтық тұтастығымызды сақтау мәселесіне зор көңіл бөлінгенін айтты. Кездесу соңында еліміздің Қарулы Күштерін әрі қарай дамыту мақсатында бірқатар тапсырмалар берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мына биылғы жылдың барлығы дұрыс өтті. Әрқайсың өзіңнің шаруаларыңды, жұмыстарыңды істеп, жастарды тәрбиелеуге әскеріміздің күш-қуатын шыңдауға жұмыс істедіңдер. Рақметімді айтып, барлықтарыңды келе жатқан жаңа жыл зор табыстар, үлкен қуаныш алып келсін деп тілеймін.