«Нұр Отан» партиясы ардагерлерді мерекемен құттықтады

«Нұр Отан» партиясы ардагерлерді мерекемен құттықтады
28 желтоқсан, 20:00

«Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалының өкілдері аймақтағы 250 қарияға бағалы сыйлықтар тарту етті. Олардың арасында соғыс және тыл ардагерлері мен еңбек майталмандары да бар. 

Тамара Степанюк 44 жыл темір жолда еңбек еткен. Қызметтік сатымен инженер, кейін ұйым басшысының орынбасарына дейін көтерілген. Теміржолшылар әулетінен шыққан ардагер қарияның балалары мен немерелері де осы салада қызмет істейді. Өз ісіне адал, ірі кәсіпорындарға ұзақ жыл еңбегі сіңген қарияларды бұрынғы жұмыс орындарындағы бастауыш партия ұйымдары құттықтады.

Тамара Степанюк, еңбек ардагері:

Барлық отбасына жақсылық тілеймін. Қазақстанымызда бейбітшілік болсын! Бейбітшілік бар жерде бақыт бар. Барлығымыз бақытты болайық!

Бақытжан Аманжолова, «Нұр Отан» партиясы Октябрь аудандық филиалы төрағасының орынбасары:

"Нұр Отан" партиясының Октябрь аудандық филиалы бастауыш партия ұйымдарымен бірлесе отырып, тек жаңа жыл мерекесінде ғана емес, барлық мемлекеттік мерекелер күні «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында өз ардагерлерін құттықтап отырады».