Ақтөбе қалалық әкімдігін күзетіп тұрған инспектор өз өзін атып өлтірді

Ақтөбе қалалық әкімдігін күзетіп тұрған инспектор өз өзін атып өлтірді
09 қаңтар, 20:00

Ақтөбеде оқыс оқиға болды. Қала әкімдігінің қызметкерлерін аяғынан тік тұрғызған сұмдық жәйт кеше кешкісін орын алған. Әкімдік ғимаратын күзетіп тұрған мамандандырылған күзет басқармасының қызметкері аяқ астынан өз өзін атып өлтірді. Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Құзырлы мекеменің дерегінше, жұмыс уақыты аяқталар сәтте аға лейтенант шеніндегі азамат  әкімдіктің өткізу бекетінде кезекшілікте тұрған. Сол сәтте  «Макаров» маркалы қызметтік тапаншасымен өзінің басынан атыпты. Оның бұлай істеуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Руслан Маханов, облыстық мамандандырылған күзет басқармасы басшысының орынбасары:

«17:30-да қызмет атқару барысында осы мекеменің қызметкері, полиция лейтенанты өзін өзі ату, табельдік қарумен ату арқылы өз өзін өлтірді. Осы жылы 35-ке толу керек еді. Қазіргі таңда қызметтік тексеріс жүріп жатыр».

Марқұм әкімдіктің аумағына қызметтік көліктердің кіріп-шығуына және ғимарат маңындағы тыныштыққа жауапты болған. Алайда, қала әкімдігінің қызметкерлері болған оқиғаға қатысты қандай да бір ақпар беруге асықпайды.

-Да, конечно, я понимаю, специально информацию мы  не можем дать, вся информация в ДВД.

-Почему?  Секретная  информация?- Нет.  В  том  то  и  дело,  что  мы  ничего  не  можем  дать,  вся  информация в  ДВД.

Белгілі болғандай, қаза тапқан инспектор ішкі істер бөлімінде 2010-ыншы жылдың мамыр айынан бері жұмыс істеген. Ырғыз ауданының тумасы. Марқұмның отбасылы екені туралы дерек бар. Бұл оқиғаға қатысты бірқатар сараптамалар тағайындалған.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Инспектор қаза тапқан мына өткізу бекетінде қазір оның әріптестері жұмыс істеуде. Кіші лейтенанттың артында 5 және 10 жастағы екі баласы қалды. Қазір тергеу, тексеру амалдары жүріп жатыр.

Жақсыбек КЕМАЛ