Цифрландыру бағдарламасынан 2 трлн теңге пайда түсуі тиіс - Н.Назарбаев

Цифрландыру бағдарламасынан 2 трлн теңге пайда түсуі тиіс - Н.Назарбаев
25 қаңтар, 20:00

Цифрландырудың арқасында Қазақстан экономикасы 30 пайызға өсу керек, ол шамамен 2 триллион теңге. Ақордада вице-премьер Асқар Жұмағалиевті қабылдаған президент осылай деді.

Цифрландандыру бағдарламасы бекітілген. Асқар Жұмағалиев тек қана кеден мен салық саласында енгізілген цифрландырудың арқасында, қазынаға 100 миллиард теңге пайда түседі деп отыр. Ал өндіруші өнеркәсіпте өнімнің өзіндік құны төмендеп, өндіріс көлемі ұлғаймақ. Электронды коммерция саласында 200 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Президент цифрландыру бағдарламасына бөлінген қаражатты тиімді пайдалануды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстанның экономикасы осы арқылы 30 пайызға көбеюі керек. Жаңадан келген пайда 2 трлн артық болу керек. Осы орындала ма? Барлығы есептелген бе?

Асқар Жұмағалиев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Проводить будем пилотные проекты с госорганами, с корпорациями, в результате которых  мы конкретно уже видим то, что будут соответствующие эффекты.