Президент Корея Республикасының президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Корея Республикасының президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
26 қаңтар, 20:00

Қайғылы оқиғаға орай Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Корея Республикасының президенті Мун Чже Инге көңіл айту жеделхатын жолдады. Онда: «Осынау қайғылы сәттерде корей халқымен бірге екенімізді жеткізгім келеді. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтаса отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», - делінген.