Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ауысты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ауысты
09 ақпан, 20:00

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ауысты. Тамара Дүйсенованың орнын Мадина Әбілқасымова басты. Бұл туралы президент жарлығы шыққанын Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мадина Әбілқасымова бұған дейін Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған.  Ал Тамара Дүйсенова министр қызметін 2013 жылы бастаған болатын. Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент оған жүктелген нақты тапсырма бірнеше жылдан бері орындалмай келгенін айтқан еді.