Ресейдегі президент сайлауына қатысатын үміткерлердің тізімі шықты

Ресейдегі президент сайлауына қатысатын үміткерлердің тізімі шықты
09 ақпан, 20:00

Ресейдегі президент сайлауына қатысатын үміткерлердің нақты тізімі шықты. Орталық сайлау комиссиясы бекіткен бюллетеньге 8 кандидаттың аты-жөні енгізілген. Олар - өзін өзі ұсынған Владимир Путин және түрлі партиялардың атынан сайлауға түсетін өзге 7 үміткер.  Рейтерстің хабарлауынша, құжатта әрбір кандидат туралы қысқаша мағлұмат келтірілген.

Айта кетерлігі, орталық сайлаукомға ең соңғы болып Максим Сурайкин мен Ксения Собчак тіркелді. Кандидаттарды сайлауалды шаралар күтіп тұр. Олар алдымен теледебаттарға қатысады. Тегін берілетін эфир уақытын иелену үшін, жеребе тарту рәсімі 13 ақпанда өтеді. Сайлауға 36 күн қалды.

Ал осы кезде Әзірбайжан елі де сайлауға әзірлік үстінде. Елдегі билік партиясының мүшелері қазіргі президент Ильхам Алиевтің кандидатурасын ұсынды. Мемлекет басшысын мерзімінен бұрын сайлау 11 сәуірде өтпек.