Қазақстандық 3 бірдей оператор құны 45 млрд долларды құрайтын мұнай-газ жобасын жүзеге асырмақ

Қазақстандық 3 бірдей оператор құны 45 млрд долларды құрайтын мұнай-газ жобасын жүзеге асырмақ
13 ақпан, 20:00

«Теңізшевройл» кәсіпорынының 3-ші зауытын салуға 40 мың адам тартылады. Оның 7 мыңы шетелден тартылса, қалғаны - қазақстандық мамандар. Бұл туралы Қазақстан мұнай-сервис компаниялары одағының төралқа төрағасы Рашид Жақсылықов айтты. Мұнай-сервистік қызмет көрсету үшін CB&I компаниясы шетелдердегі 4 офисін жауып, Қазақстан нарығына кірмек. Ал мамандар, шетелдік компаниялармен бәсекелеспек түгелі, отандық мұнай-сервистік компаниялардың тым аз екенін айтады.

Рашид Жақсылықов, Қазақстан мұнай-сервис компаниялары одағының төралқа төрағасы:

Біз, ТШО басшысымен сөйлесіп, жобаның 32 пайызын Қазақстанда қалдыруды шештік. Біз шама келгенше әр пайызға күресеміз. Бірақ сол пайызды іске асыратын отандық компаниялар жоқтың қасы. Өйткені шетелдік компаниялар тарихы тереңде жатыр, ал біз 25 жылда ондай нәтижеге жеткен жоқпыз.