"Нұр Отан" әділетсіздікке ұшыраған азаматтардың мәселесін шешуге атсалысуы керек - Қуаныш Сұлтанов

"Нұр Отан" әділетсіздікке ұшыраған азаматтардың мәселесін шешуге атсалысуы керек - Қуаныш Сұлтанов
13 ақпан, 20:00

"Нұр Отан" партиясы әділетсіздікке тап болған азаматтардың мәселесін шешуге атсалысуы керек. Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов осындай пікірде. Бүгін партия өкілі азаматтарды қабылдады. Бұл шараға негізінен баспанаға мұқтаж жандар мен тұрғын үй құқығын тіркей алмай жүрген тұрғындар келген. Мәжіліс депутатына мұңын айтқандар арасында мемлекеттік орган тарапынан әділетсіздік көрдік дегендер де бар. Олардың көпшілігі тұрғын үй құқықтарын тіркеуге байланысты. Депутат баспана кезегіне тұрғысы келгендерді "Нұрлы жер", арендалық тұрғын үй, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" және ипотекалық несиелендіру секілді бағдарламаларға белсенді түрде қатысуға кеңес берді.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Қаншама көп мәселер шешіліп жатса да, осы тұрмыс мәселесі, әсіресе тұрғын үй мәселері. Мұқтаждар көп. Қазір қаншама үлкен мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Елбасының тасырмасымен «Нұрлы Жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары, мыңдаған адамдар жаңа пәтерлер алып жатыр. Одан басқа тек қана мемлекет тарапынан күтіп отырмай, басқа да жолдар қазір көп.