Мемлекеттік саясатты іске асыру үдерісінде "Жас Отан" маңызды миссия атқаруы қажет - Н.Назарбаев

Мемлекеттік саясатты іске асыру үдерісінде "Жас Отан" маңызды миссия атқаруы қажет - Н.Назарбаев
10 сәуір, 20:00

Мемлекеттік саясатты іске асыру үдерісінде "Нұр Отан" партиясының жастар қанаты маңызды миссия атқаруы қажет. Бүгін Ақордада Мәулен Әшімбаевты қабылдаған президент осылай деді. Саяси ұйым төрағасының орынбасары үлкен стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыруда партияның қосар үлесі айрықша болуы тиіс деп санайды. Бүгінде кадрлық резерв қалыптастыруда партия қатарына білікті жастар тартылып жатыр. Президент орынбасарына партия жұмысын жандандыру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеп, жақында өткен "Жас Отан" съезіне жоғары баға берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

"Жас Отанның" съезі өтті. Жақсы өтті деп санау керек. "Жас Отан" менің политсоветте айтқан тапсырмам бойынша өз шаруасын алдыңғы қатарда, жастар арасында жүргізуі керек. "Жас Отанның" төңірегінде жастар жиналатын болса, біздің арманымыз сол.