Арсен Венгер маусым соңында «Арсеналдан» кететін болды

Арсен Венгер маусым соңында «Арсеналдан» кететін болды
20 сәуір, 20:00

Арсен Венгер осы маусым аяқталған соң, «Арсенал» клубынан кететін болды. 68 жастағы француз маманы жетекшілік еткен тұста клуб 3 мәрте Англия чемпионы атанды. 7-рет ел кубогын, тағы осынша рет суперкубокты ұтқан. Ал, 2006-шы жылы команда чемпиондар лигасының финалына дейін жетті. Алайда, қазіргі нәтижеге Арсенал жанкүйерлерінің көңілі толмайтын сияқты.Команда ағылшын премьер лигасында кесте турнирінің 6-шы сатысында, ал, Еуропа лигасында жартылай финалға шыққан. Енді ол Мадридтің «Атлетикосымен» кездеседі.



ХОК президенті Томас Бах ұлттық ассоциацияларды олимпиядалық квотадан алып тастауға шақырды. Санкция тек спортшыларға емес, ұлттық федерацияларға да қатысты. Бұл дегеніңіз спортшылары бірнеше мәрте допингпен ұсталса, Олимпиадалық ойындарға қатысу мүмкіндігінен айырылады деген сөз. Токиода өтетін ойындарға қатысатын зілтерміршілердің квалификациясын есептесек, елде 2008-ші жылдан бері кемі 10 ережебұзушылық тіркелуі тиіс. Бірақ, әзірге сынама халықаралық ойындардан ба, әлде олимпиадалық ойындарға қатысты ма белгісіз.



Американың бұрынғы велошабандозы Лэнс Армстронг өзін алаяқтық үшін айыптаған федералды билікпен арадағы кикілжіңді сотқа дейін реттеу үшін 5 млн доллар беруге дайын екенін айтты. Спортшы допинг қолданып, демеушілермен арадағы келісімді бұзған көрінеді. Оған 100 млн доллар айыппұл салынуы мүмкін. Сот 7-ші мамырға белгіленген. Десе де, айыбын мойындағаны үшін спортшының «Тур де Франстағы» барлық атақ-дәрежесі жойылды.