Қазақстан құрамасы хоккейден Будапештте өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады

Қазақстан құрамасы хоккейден Будапештте өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады
23 сәуір, 20:00

Хоккейден ел құрамасы Будапештте бастау алған дивизионды жеңіспен бастады. Бұл «Барыс» пен ұлттық құраманың қақпашысы Хенрик Карлссонның алғашқы ойыны болып отыр. Швед маманының қақпасына тура бағытталған 28 соққының бірде бірі голға айналған жоқ. Ал, командадағы әріптестер қарсылас қақпасынан үш мәрте саңлау тапқан. Ертең алғашқы кездесуде 3:1 есебімен Словенияны ұтқан Ұлыбританияға қарсы ойын өтеді.

«Ақ Барыс» Гагарин кубогын осымен үш мәрте иемденді. Қазан спортшылары шешуші ойында ЦСКА-ны 4:1 есебімен ұтқан. Осылайша Ақ барыс ең титулды клуб атанып отыр, себебі осыған дейін турнирды 3 рет қатарынан ешбір команда ұтпаған болатын. Ал, Қазақстан атынан ойын көрсеткен «Барыс» плей-офф кезеңіне де жете алған жоқ. 

Плей-офф кезеңіне Астананың өзге де клубы қол жеткізе алмай келеді. ВТБ турнирінің бірыңғай лигасында «Астана» баскетбол клубы қатарынан 5-рет жеңілген. Өзге командалардың да жағдайы мәз емес, сондықтан бірнеше жеңісті ойын өткізсек, жоғары тұғырдан көрінетін мүмкіндік бар. Осылайша өз алаңында «Астана» эстониялық «Калевті» жеңіп кетті. Есеп 102:92.