«Реал» осымен 3 рет қатарынан Чемпиондар лигасының финалына шықты

«Реал» осымен 3 рет қатарынан Чемпиондар лигасының финалына шықты
02 мамыр, 20:00

Мадридтің "Реал" футбол клубы Чемпиондар лигасының финалына 3 мәрте қатарынан жолдама ұтып алды. "Баварияға" қарсы жауапты кездесуде жеңілмеудің өзі жеткілікті еді. Себебі алғашқы ойын көрсеткіші Реалға финалға шығуға мүмкіндік берген. Қарымта кездесуде Йозу Киммих 3-ші минутта мергендігімен танылды. Корольдік клубтың өкілі Карим Бензема екі мәрте гол салды. Мұнан соң Реалдың бұрынғы ойыншысы Родригес таразы басын теңестірген. Десе де қорытынды есеп - 4:3.  Реалдың жеңісімен аяқталды.