«Астана» шабандозы Джиро кезеңінде 9-шы болып келді

«Астана» шабандозы Джиро кезеңінде 9-шы болып келді
14 мамыр, 20:00

«Джиро д’Италия» үздігі веложарыстан 9-шы кезеңде француздық Пино мен командаласы Чавестен басым түсті. Сайыс Италияда өткен болатын. 14 шабандоз арасындағы қашықтық шамамен 8 минут шамасында болған. Қорытындылай келе спринтерлік жарыста Саймон Йейтс үздік екенін көрсетті. Ал, жерлестеріміз арасынан «Астана» клубы сапындағы колумбиялық Мигель Анхел Лопес 9-шы орынға жайғасты. Топ бастайды деп үміт артқан Крис Фрум артта қалып қойған. Бұрын «Астана» сапында өнер көрсеткен Фабио Арудың жағдайы да мәз емес. Ол мәре сызығын 24-ші болып кесіп өтті. Спортшы Астана сапынан кеткелі бері, оңды нәтиже көрсете алмай жүр.