Павлодарда екі жүзге жуық аула лай судың астында қалды

Павлодарда екі жүзге жуық аула лай судың астында қалды
16 мамыр, 20:00

Керекуде 200-ге жуық жер үй судан зардап шегуде. Аумақтағы сору станциясының істен шығуы ахуалды ушықтырып жіберген. Жер асты суы бау-бақша ғана емес, жертөлелерге жайылыпты. Тұрғындар соңғы жылдары үйлерінде тұру қиындап кеткенін айтып шағымданды. Аулалар суға толғандықтан, жүріп-тұру қиындаған. Жергілікті билік жағдайдан хабардар. Шенділердің сөзінше, мәселе жерасты суының көтерілуінен туындаған. Мұны шешу үшін әкімдік ұңғыма жүйесін салуды жоспарлап отыр. Әр нысанның құны 1 млн 200 мың теңге тұрады. 

Николай Казанин, Павлодар қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімі сектор меңгерушісі:

Суды сорғызамыз. Проблемалы аумақтарда жерасты суын сорғызатын ұңғымалар санын бекітіп, бұл бағыттағы жұмысты жүйеге келтіреміз деген жоспар бар.