Павлодар өңірінде 30 тұрғын ІТ мамандығын оқуға ниетті

Павлодар өңірінде 30 тұрғын ІТ мамандығын оқуға ниетті
16 мамыр, 20:00

Павлодарда 30 тұрғын ІТ мамандығын меңгеруге ниетті. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы үміткерлерді іріктеуді бастады. «Нұр Отан» партиясы қолға алған «1000 ІТ сынып» пен «20 ІТ-орталық» жобасы - бүгінгі күннің басты талабы. Бұл "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында жасалатын тың жоба. Мақсат- жаңа технологияларды меңгеріп нарық сұранысына сай болу. Павлодарда 14 айти сынып пен 14 коворкинг орталығы ашылмақ. Партиялықтар білім және жұмыспен қамту басқармаларымен нақты іс-шаралар легін бастады. Оқу бағдарламасы әзірленіп, кесте бекітілген. Курсты тәмәмдағандар еңбекке тартылады, жеке кәсіп ашуына да мүмкіндік бар

Қайрат Нұрахметов, Павлодар облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

Оларға, ІТ орталығында оқығаны үшін ақша төлейміз. Студенттерге стипендия төлейміз. Жолының ақшасын төлейміз бір айға.