ЭКСКЛЮЗИВ: Каспий қайраңындағы "Еуразия" жобасынан ресейлік "РосНефть" шығып кетті - сарапшы

ЭКСКЛЮЗИВ: Каспий қайраңындағы "Еуразия" жобасынан ресейлік "РосНефть" шығып кетті - сарапшы
17 мамыр, 20:00

Каспий қайраңындағы "Еуразия" жобасынан ресейлік "РосНефть" шығып кетті. Оған батыстың санкциялары себеп болуы мүмкін. Есесіне үлкен жобаға британдық "Шелл" компаниясы қосылған. Бұл туралы "Астана" арнасына мұнайшылар мен геологтар қауымдастығының президенті Балтабек Қуандықов мәлімдеді.

Былтыр маусымда біріккен 7 компания "Еуразия" жобасына қатысты меморандумға қол қойған. Олар "Қазмұнайгаз", "Аджип", "СНПС", "Сокор", "Неос" және "РосНефть". Ресейліктердің жобадан шығуына қаржылық қиындықтар да себеп болуы мүмкін, - дейді сарапшы. Каспий қайраңында 60 млрд тонна мұнай қоры бар деп болжанады. Оның 75 пайызы Қазақстанның, 25 пайызы Ресейдің аумағында.

Балтабек Қуандықов, Қазақстанның мұнайшылар мен геологтары қауымдастығының президенті:

Мүмкін, оларға батыстық компаниялардың санкциялары әсер еткен болуы керек. Білесіздер, бұл клубта "Аджип" те бар, батыстың компаниялары. Мүмкін, содан соң  олар жобадан шығуды дұрыс деп санаған болу керек.

Соңғы 5 жылда геологиялық барлауға жеке инвесторлар тарапынан 730 млрд теңге бөлінген. Ал бюджеттен небәрі екі-ақ млрд. Соңғы 5 жылда барлау нәтижесінде 42 шағын және орта кен орны ашылған, олардағы бар мұнай қоры 450 млн тоннаны құрайды.