Канн кинофестивалінің жеңімпазы Самал Еслямоваға Петропавлдан 3 бөлмелі пәтер берілді

Канн кинофестивалінің жеңімпазы Самал Еслямоваға Петропавлдан 3 бөлмелі пәтер берілді
24 мамыр, 20:00

Канн кинофестивалінің жеңімпазы Самал Еслямоваға Петропавлдан 3 бөлмелі пәтер берілді. Аймақ билігі жас актрисаға осынлай тарту жасапты. Бүгін туған жеріне оралған Самалды қызылжарлықтар құшақ жая қарсы алды.

Тілшілерге сұхбат берген әртіс, «Айка» картинасын түсіру кезіндегі қиындықтармен бөлісті. Басты ролдегі ананың кейпін сомдау үшін алдын ала дайындалған. Перзентханада біраз тәжірибе жинапты. Ал, Канн байқауында «Айка» киносының дұрыс монтаждалмаған нұсқасы жарияланған екен. Фестивальге дайындық кезінде біраз асығыстық орын алған көрінеді.Яғни, фильмнің даусы мен баяу параметрлері нақышына келтірілмеген.  Кинотуынды үлкен экранға қыркүйекте жол тартады деп жоспарланған. Аты төрткүл дүниеге жайылған жас актрисаға шетелдік режиссерлерден түрлі  ұсыныстар түсіп жатқан көрінеді.

Самал Еслямова, 71-ші Канн кинофестивалінің жүлдегері:

Мен шаршаған ананы көрсету үшін түсірілім алдында бірнеше шақырым жүгіріп отырдым. Физикалық тұрғыда шаршауым керек болатын. Тәулігіне 5-ақ сағат ұйықтайтынмын. Ал режиссер одан да аз демалатын. Сәл мызғып алып, қайта жұмыс істейтін.