Ақтауда мұнай сервис компаниясы аумағында жұмыскер қаза тапты

Ақтауда мұнай сервис компаниясы аумағында жұмыскер қаза тапты
01 маусым, 20:00

Маңғыстаулық полицейлер өндірісте орын алған апатты тергеуге кірісті. «Ерсай Каспиан Констрактор» мұнай сервистік компаниясында 4 күн ішінде екі бірдей оқыс оқиға тіркелген. Жүк тиегіштің астында қалып қойған жұмысшы қаза болды. Ішкі істер департаментінің ақпаратынша, ауыр көлік жұмысшыны абайсызда басып кеткен.

Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Аталған дерек Қарақия аудандық ІІБ ҚР ҚК 345-ші бабы 3-бөлігімен тіркелген.  Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бұған дейінде осыдан бірнеше күн бұрын осы компанияға тиесілі аумақта 23 жастағы жігіт биіктіктен құлап кеткен еді. Бұл ақпаратты ІІД өкілдері растады. Ал дәрігерлер науқастың жағдайын "тұрақты ауыр" деп бағалап отыр.

Гельман Чагай, Маңғыстау облыстық ауруханасы нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі:

Омыртқа-ми-жұлын жарақаты анықталды. Қазір бөлімшеде жатыр. Жағдайы қалыпты ауыр. Аяқ-қолы сал болып қалды. 



Смотрите также
Біздің уақыт
23 маусым, 20:45
Итоговые новости 20:30
22 маусым, 20:35