Астанаға алғаш рет танымал Третьяков галереясы келді!

Астанаға алғаш рет танымал Третьяков галереясы келді!
06 маусым, 20:00

Өнерсүйер қауымға жағымды жаңалық! Астанаға алғаш рет танымал Третьяков галереясы жауһарларын әкелді. Оны тұрғындар мен қала қонақтары бүгіннен бастап тамашалай алады. Қаз-қатар тізілген суреттердің әрқайсысы бірегей туынды.

Соның бірі - «Таңертең» деп аталатын мына картина. Автор Татьяна Яблонская 13 жасар Лена атты үлкен қызын салған. Көрмеге суреттегі кейіпкер де келген. Қазір Елена Бейсембинова - қазақ суретшісінің жұбайы. Айтуынша, болашақ күйеуі осы суретті көріп оған ғашық болған. Кейін ер жеткенде Мәскеуге оқуға барып, Ленамен танысқан. Бүгінгі экспозициядан Абрам Архиповтың «Шаруа әйел», Илья Машковтың «Мәскеу азық-түлігі: нан» секілді бас-аяғы 50 картинаны көруге болады. Ұлттық музейде өтіп жатқан ерекше көрме қыркүйектің 10-на  дейін жалғасады.

Асылболат Исмағұлов, актер:

Халықтардың көбі бара алмайды ғой оған. Міне Астанамызға Третьяковканың өзі келіп жатыр. Бір күннің өзінде аралап шығу қиын ғой. Міне шағын 50 картина келген екен. Мықты-мықты жақсы дүниелерін алып келген екен.