«Денис Тен және оның достары» мұз шоуына кімдер қатысатыны белгілі болды

«Денис Тен және оның достары» мұз шоуына кімдер қатысатыны белгілі болды
07 маусым, 20:00

"Денис Тен және оның достары" мұз шоуына кімдер қатысатыны белгілі болды. 17 мәнерлеп сырғанаушының арасында есімі әлемге мәшһүр чемпиондар бар. Олар әлем, Еуропа чемпиондары, олимпиада ойындарының жеңімпаздары Каролина Костнер, Ян Хан, Джереми Эбботи және тағы да басқалар. Денис Теннің айтуынша, жанды музыка, театрлық қойылым, инновациялық техникалық элемент жобаны жарқын әрі есте қаларлықтай етпек. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының көрермендеріне дайындаған тосын сыйы бар. Ол Димаш Құдайберген шырқайтын әнге мұз айдынында сырғанайтын болады. Мұз шоуы 9 маусым күні Астанадағы "Барыс Аренада" өтеді. 

Денис Тен, Олимпиада-2014 қола жүлдегері:

Димаш менің өнер көрсетуіме арнайы трек жазды. Оны Оңтүстік Кореядағы Олимпиадада көрсетемін деп ойлағанмын. Бірақ, өкінішке орай, сәтсіздік болып, бұл идеяны жүзеге асыру мүмкін болмады. Сондықтан олимпиадалық бағдарламамды осы шоуда көрсетуге мүмкіндік туды.