Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жақын күндері ұсталған шенеуніктерге қатысты толық ақпарат бермек

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жақын күндері ұсталған шенеуніктерге қатысты толық ақпарат бермек
08 маусым, 20:00

Елде ұсталған лауазымды шен-шекпенді кімдер? Бұған дейін Ұлттық бюро өкілдері 32 адамның ұсталғанын айтқан еді. Олардың 15-і мемлекеттік органдардың басшысы болса, бесеуі республикалық деңгейдегі бастық көрінеді. Алайда олардың аты-жөндері жарияланбай отыр. Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы да олардың атын-атап түсін түстемеді. Ол жақында жарияланатынын айтты.

Алик Шпекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы:

Біз баспасөз мәслихатын өткіземіз. Менің тапсырмаммен жақын күндері ресми өкіл соңғы бес айдың қорытындысы бойынша толық ақпарат береді.