Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің СІМ Ауғаныстандағы жағдайға алаңдаулы

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің СІМ Ауғаныстандағы жағдайға алаңдаулы
11 маусым, 20:00

Лаңкестер Ауғаныстанның солтүстік провинцияларында соғыс аймағын құруды бастады. Бұл Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының аумағына төнген қауіп. Оны дереу тұрақтандыру қажет.

Алматыда өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының отырысында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров осындай алаңдаушылық білдірді. Ауғаныстанға ДАИШ өкілдері Сирия мен Ирактан келіп жатыр. Ұйым мүшелері НАТО-дан қайыр жоқ екенін айтып отыр. НАТО миссиясы ашық әрекет етпейді. Бұл қауіпсіздік пен тұрақтылыққа кері әсер етіп отырса керек. Ауғаныстандағы лаңкестердің солтүстікке бет бұруы ұйымның негізгі мәселелері қатарына еніп отыр.

Юрий Хачатуров, ҰҚШҰ Бас хатшысы:

Негізінен қаралған басты мәселелер, ол лаңкестікке және діни экстремизмге қарсы күрес, біртұтас қауіпсіздік кеңістігін қалыптастыру  болып табылады. Мұнан бөлек Ауғаныстанға байланысты ұстанымдарды да қарадық. Яғни аталмыш елдің солтүстік провинцияларындағы ИГИЛ позицияларын әлсірету, есірткі тасымалы қатерін қадағалау.