Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленді

Шілденің бірінші жексенбісі  Ұлттық домбыра күні болып белгіленді
13 маусым, 20:00

Шілденің бірінші жексенбісі  Ұлттық домбыра күні болып белгіленді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тиісті Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл шараның мақсаты - ұлттық аспаптың мәртебесін асқақтату. Домбыра қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтауға, ұлттық сананы қайта жаңғырту идеясының төңірегінде топтастыруға тиіс. Елбасы қаулысына сай, енді Үкімет арнайы шаралар қабылдауы тиіс.