Франция жерінде кездейсоқ табылған қытай құмырасы 19 миллион долларға сатылды

Франция жерінде кездейсоқ табылған қытай құмырасы 19 миллион долларға сатылды
13 маусым, 20:00

Франция жерінде кездейсоқ табылған қытай құмырасы 19 миллион долларға сатылды. Бұл рекордты көрсеткіш. Ерекше фарфор бұйым Цин әулетінен шыққан қытай императоры Цяньлунның кезінде қолданылған көрінеді. Рейтерстің хабарлауынша, бұғы, құс пен қарағай бейнеленген сирек ваза Париждегі үйлердің бірінің шатырынан табылған. Бұл құмыра 19 ғасырдың аяғында Францияға қытай мен жапон сәні мен мәдениеті келгенде пайда болған. Сирек кездесетін ыдыстың  жаңа иесі Қытайдың тумасы болып шықты.