Иран Ормуз бұғазын жауып тастайтынын айтып сес көрсетті

Иран Ормуз бұғазын жауып тастайтынын айтып сес көрсетті
05 шілде, 20:00

Иран мұнай тасымалдайтын Ормуз бұғазын жауып тастаймыз деп сес көрсетті. Бұл турлы "Саралла" Ислам төңкерісі күзет корпусы бастығының орынбасары мәлімдеді.  Иран мұнайын экспорттауға кедергі келтірілсе, Тегеран осындай қадамға баруға әзір. Бұғаз арқылы әлемдік мұнайдың 20 пайызы өтеді.

Бұдан бұрын Ақ үй Ислам республикасы үшін "қара алтын" саудасын тоқтатуға "барын салатынын" мәлімдеген. Мамыр айында Дональд Трамп Иранмен арадағы ядролық келісімшарттан біржақты шығып кетті және Еуропаны осыған үндеді. Қазір Иран презденті Хасан Рухани кәрі құрлықты аралап, Тегеранға қолдау жинап жүр. Өзінің швейцариялық әріптесі Ален Берсемен кездесуде ол Американың мұнай эмбаргосы "бос сөз" деді. Ал Иранды "құрдымға жібереміз" деген Американың санкциясы 4 айдан соң, яғни қарашада, күшіне енеді.