АҚШ Қытай тауарына салық салуды бастады

АҚШ Қытай тауарына салық салуды бастады
11 шілде, 20:00

АҚШ Қытай тауарына салық салуды бастады. Президент Дональд Трамп бұл процесті бастау жөнінде нұсқау берген. Қытайлық тауарларға құны 200 миллиард доллар болатын қосымша 10 пайыздық салық салу тапсырылды. Жаңа тариф қытайлық мыңдаған тауар атауына енгізілмек. Оның ішінде nағамдардан өзге химиялық тауарлар, көмір, болат, алюминий, жиһаз, көлік дөңгелектері, ағаш бұйымдары, тіпті жануарларға арналған тағамдар, кілемдер мен велосипедтер де кіреді. Дональд Трамп Қытай қарымта жауап қайтаратын болса, салық салынатын тауарлар құнын 500 миллиард долларға арттыратынын мәлімдеді. Бірақ Қытай тарап бұған жауап қайтаратындарын мәлімдеп үлгерді. Аспан асты елі АҚШ-тың бұл әрекеті үшін Дүниежүзілік сауда ұйымына шағымданбақ. Бұл Қытайға ғана емес, әлемге, АҚШ-қа зиянын тигізетінін айтып, әлемдік қауымдастықты қандай да бір шара қолдануға шақырды.