Туризмге табысты "өндіріс" ретінде қарау қажет - Н.Назарбаев

Туризмге табысты "өндіріс" ретінде қарау қажет - Н.Назарбаев
11 шілде, 20:00

Туризмге табысты "өндіріс" ретінде  қарау қажет. Бүгін Бурабайда бірнеше нысанның ашылуына қатысқан президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.  Бұл саланы дамыту арқылы бюджет табысын еселеп арттыруға болады. Бастысы, инфрақұрылымды дамыту. Қазіргі уақытта сапалы тас жолдар салынып, туристер қатынайтын әуежайлар күрделі жөнделіп жатыр. Ал, әкімдіктерге туристік шаһарлардың көркі мен қызмет көрсету сапасын арттыру жүктелді. Мөлдір Бақыт-қызы тарқатады.

Трамплиннен секіру - экстремалды спорт түрі. Шаңғышылар "жүрек жұтқан" дерсің. 195 метр биіктіктен шімірікпестен сырғанап жатқан 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдер. Бұл трамплинның ерекшелігі де сол, қысы-жасы жұмыс істейді. Мына жасыл төсеніштер қардан кем емес. Бүгін, Президенттің алдында салтанатты жағайда рекорд жаңартқандар да бар. 148 метрге секірген Сергей - Риддердің түлегі.

Қазақстанда шаңғышылардың екі "мектебі" бар. Бірі Алматыда. Екіншісі Риддерде. Жаттықтырушылар трамплиннен секіру спортына Ақмола өңірінің де қызығушылығы артады деп күтеді. Жаңа кешен осы спорт түрінің дамуына қайтсе де ықпал етеді. Өйткені Алматыда ауа райына орай 2-ақ ай сырғанауға болады. Алты ай қыс арқа - шаңғышыларға нағыз мүмкіндік. Ал мына алаңға 12 мың көрермен сияды. 

Мирко Горник, «Бурабай» халықаралық шаңғы базасының директоры

Негізі халықаралық шаңғы базасының құрылысы 2005-жылы басталған. Басында құны 9 млрд теңге болған жоба, жылдар өте  38 млрд теңгеге шықты. Теңіз деңгейінен 400 метр биікте орналасқан базаны салу оңайға соқпаған. Ойықты шығару үшін, бірнеше рет жарылыс та жасаған. Халықралалық талаптар да жиі өзгеріпті. 

Мөлдір Бақыт-қызы, тілші:

Бүгін облысқа жұмыс сапарымен келген прездиент бұған дейін аса  мән бермеген туризимді дамытуды мықтап алға аламыз деді. Жалпы Бурабайды ғана емес, Имантау, Шалқар, Баянауыл, Түркістанда туризмді жолға қоюды тапсырды. Швейцарияны, әлемнің түкпір-түкпірін аралап болған қазақтар енді өз елінде демалуы керек деді. Мәселен, Алакөлде суға түсу маусымы 9 ай. Мұндай қолайлы ауа райы Түркияда да жоқ, дейді президент.

Мемлекет басшысы өңірлердің басшыларын және инвесторларды еліміздің туристік кластерін дамыту үдерісіне белсенді атсалысуға шақырды.