НАТО саммитіне келген Трампты Бельгия басшылығы қарсы алмады

НАТО саммитіне келген Трампты Бельгия басшылығы қарсы алмады
11 шілде, 20:00

Ақ үй басшысы Еуропалық турнесін НАТО саммитінен бастады. Алайда әйелімен қолтықтасып келген АҚШ президентін Брюссель патшасы не елдің премьері қарсы алмады. Өйткені олар футболдан әлем чемпионатында Бельгия құрамасына қолдау көрсету үшін Санкт-Петербургке кетіп қалған. Бірақ Бельгия басшылығының қолдауы команданың жеңісіне әкелмеді. 1:0 есебімен Францияға есе жіберді.

Дональд Трампты әуежайдан Сыртқы істер министрлігінің өкілдері күтіп алды. НАТО саммиті Брюссельде 11-12 шілде аралығында өтеді. Онда қорғаныс бюджеті, терроризммен күрес және киберқауіпке қарсы тұру мәселелері талқыланады. Одан кейін Трамп Еуропалық турнеге аттанады. Алдымен Ұлыбританияға барып премьер Тереза Мэймен және Елизавета II патшайыммен кездеседі. Ал одан кейін Владимир Путинмен Финляндияда бетпе бет жүздеспек.