Бюджет дер кезінде игерілмейді. Ал шекара заставалары тозған. Ел үдере көшіп жатыр.

Бюджет дер кезінде игерілмейді. Ал шекара заставалары тозған. Ел үдере көшіп жатыр.
15 қыркүйек, 20:00

Тағы сол әңгіме – бюджет дер кезінде игерілмейді. Жылдың аяқталуына үш жарым ай қалды. Ал министрліктер қаржыны миллиардтап игермеген. Бюрократия, біліксіздік - не бұл?

Бақытжан Сағынтаев - ҚР Премьер-министрі:

Жаңағы айтқан ұсынысты қолдаймыз. Қазір дайындалып жатқан қайта қарау кезінде, ешкімге қарамай, игерілмеген қаржының бәрін кім сұраныс беріп жатыр, игеріп, жетпей жатқандарға ауыстыру керек.

Қорғаныс министрлігі: 15,4 млрд теңге, Ауыл шаруашылығы министрлігі 10,9 млрд, Мәдениет және спорт министрлігі 11,1 млрд теңге және Ішкі істер министрлігі 9,5 млрд теңге қаржыны әлі жаратып үлгермеген. Енді премьер министр мен министрлердің диалогын тыңдайық:

  - Бақытжан Әбдірұлы, мына 4,5 млрд теңге келісімшартта бар, оны қыркүйекке дейін орындаймыз. - Қыркүйекке дейін дегенде, қыркүйектің ішінде отырмыз ғой, қалай сонда? Бүгін міне 11-і. Кішкене бір өтірік айтқанда да дұрыстап айту керек қой өтірікті.

- Кеше үкіметте млрдтаған ақша игерілмей жатыр деп шулап жатырсыздар. Игеруге көмек керек болса, дайынбыз. Түркістан облысы, Келес ауданы, Бірлесу әкімшілігіне қарасты Сәдібек ауылында жол жоқ. Жол болғанда ауылды орталықпен, сыртқы әлеммен байланыстыратын жол. Балалар жазда шаң, қыста батпақ кешіп 2 км жерге сабаққа барып жүр. Білім ғана емес, ауру да жинап жүр. Ақыры жарататын жер жоқ екен, бізге берсінші. Бізге млрд керек емес. Бірнеше млн-мен бітетін шаруа, әшейін. Тамызып жіберсе, бүкіл ауылымыз бақытты боп кетейін деп тұр.

Әлеуметтік желіде жазылған мың пікірдің бірі. Комментарийсіз дейтін сәт.

Қаржыны игере алмаса, шекара заставаларына, шекара бойындағы ауылдарға бөлсін дейміз, біз. Жаңадан тағайындалатын Қаржы министрі егер ресми хаттарға сенбесе, барып көрсін. Заставалардың кейбірі өткен ғасырдың 20 жылдары салынған. Ғасыр болған ғой, тұрғандарына. Сенаторлар Шығыс Қазақстан облысына барған, ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары Дархан Ділманов Майқапшағай заставасын көрсетті. Бюджеттік өтінімдерге үкімет үндемейтін көрінеді. Үндегенде не дейді, ақшаны қалай жұмсайтындарын жаңа естідік. Ал шекара бойында, Қытаймен шекара бойында өндірістік электр энергиясы жоқ деген не сұмдық?

Дархан Ділманов - ҚҰ ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары:

Жеке құрамның қандай жағдайда тіршілік қылатынын өз көздерімен көрсін. Бұл мәселені ысырып отыра беруге бола ма? Ысырып қоялық, ал ертең бұл ғимараттарды жаңалауға қазіргіден де қомақты қаржы керек ғой.

Проблеманың екінші тарауы бар – шекара бойындағы ауылдардан ел үдере көшіп жатыр. Қытаймен шекарада бұл да өте маңызды мәселе емес пе? Осыны тоқтататын арнайы бағдарлама әзірленген, үкімет оған да үндемейді екен. 4 ай бұрын жолданған жобаға жауап жоқ.

Даниал Ахметов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Нақтырақ айтсақ, шекара бойындағы жқмыс істейтін азаматтардың жалақысын 25-тен 70 процентке дейін өсіру, сол ауылдарға барып жұмыс істеуге келіскен мамандарға өтемақыны екі есеге көбейту, оларға үй салу үшін бюджеттік несие рәсімдеу, бала дүниеге келсе, бір рет 1 млн теңге, ал айына 50 мың теңге жәрдемақы беру.

Тұрғындардың көшуінің бірінші себебі – мектептердің жабылуы, мысалы, Марқакөл ауданында 5-і жабылған. Шағын мектеп деп 60 емес, 40 баласы бар мектепті есептеу керек. Екінші себеп – Бұқтырмада көпірдің болмауы. 1,5 шақырымды құрайтын жоба құны 17 млрд теңге. Орыстардың 19 шақырымдық Керч көпірін жылдам салып бітіргені еске түседі. Көпір шекара бойындағы екі - Марқакөл мен Күршім аудандарының проблемасын шешер еді. Мәселен, жылы кезде паром жүреді. Бірақ кешкі тоғыздан кейін тоқтайды. Адамдар қимылдай алмай қалады. Ауру кісілерді Зайсан арқылы тасиды, ал бұл қосымша 450 шақырым. Айналма, ұзақ жолдың кесірінен азық-түлік те қымбат. Ал көмір Өскеменде 8300 теңге тұрса, Күршімде 20 мың.  Бәрі 2-3 есе қымбат.

Роза Тілеубаева, Күршім ауданының тұрғыны:

Товары привозят высокая цена, потому что прибавляют вдвое путь и  этот очень сказывается на сегодня и до сих пор не находят средства… и это актуальная проблема.

Қайрат Қабдешев, Күршім ауданының тұрғыны:

Астане подарили подарок- фонтан за 1 миллиард … Все бы области скинулись, неужели за это ни у кого голова наверху не болит. 9 часов уже паром закрыт, через Зайсан надо ехать везти больных. Сколько раз останавливался паром в субботу, воскресенье, были и драки, что не успевали.

Мұхаммед Мырзағалиұлы - Күршім ауданының тұрғыны:

Бәрі қымбат, жұмыс жоқ. Сондықтан бізге паром салып берсе, дұрыс болар еді.

Сенаторларды бастап барған Д.Назарбаева, шекарашыларға: «Қашанға дейін шыдай аласыздар?»- депті. Әскерилер фашистер тұтқиылдан шабуылдаған Брест қамалын еске түсірген. «Бірақ шын мәнінде паром жеткенше...» деген. Көпірді салу, шекара бойына керекті қаражатты сөзбұйдаға салмай құю мемлекеттік қауіпсіздікке барып тіреледі. Бұл тіпті талқылайтын мәселе емес. Деп ойлаймыз ғой...