Балғаева Әсел Элисовна

Балғаева Әсел Элисовна
Бас директордың орынбасары

1975 жылы 25 сәуірде дүниеге келді. Балалық шағы Алматыда өтті. 1992 жылы мектепті бітіріп,  Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының  (бұрынғы аты Алматы театр және кино институтының) «Өнер және мәдениет саласын ұйымдастыру және басқару» мамандығына оқуға түсті. Екінші курста оқып жүрген кезінде оған КТК арнасында көрсетілетін «Факты, новости, комментарии» аналитикалық бағдарламасының тілшісі болып жұмыс жасауды ұсынады. Бұл ТВ жоба жабылған соң аз да болса тәжірибелі тілші ретінде КТК арнасының «Кешкі жаңалықтарын»  жүргізе бастады. Ол кезде КТК каналын И. Э. Фидель басқарған. 1996 жылы университетті бітірген соң, алты айдай Ақмолада жолдамамен қызмет етіп,  Алматыға оралып, қайтадан телеарнаға орналасады. Кейіннен 2003 жылы Астанаға көшкен соң «Астана» арнасының жүргізушісі және жаңалықтар бөлімінің бас редакторы қызметін атқарды.      

Арна мақтаныштары
Надежда Палинка
Жаңалықтар қызметінің жау...